Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
АҚ "Акбакай Голд Ресорсиз" өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 20.04.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, АҚ "Акбакай Голд Ресорсиз" биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 100 000 000 дана;
- компанияның 145 850 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "АҚ Алтыналмас" АҚ болып табылады.
[2023-04-20]