KZ
24 сәуір 2025, 05:16
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
21.02.2023 10:29 #Қаржы құралдары

15 наурыздан бастап Yandex N. V. NL0009805522 (NL_YNDX) жай акциялары KASE ресми тізімінен шығарылады

/KASE, 21.02.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2023 жылдың 15 наурызынан бастап Yandex N. V. (Нидерланды Корольдігі) Nl0009805522 жай акциялары (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, NL_YNDX) KASE ресми тізімінен алынып тасталады.

Бұл шешім Листингілік ережелердің 19 бабы 3 тармағының 7-1) тармақшасына сәйкес қабылданды.

Аталған акциялар 2019 жылдың 26 наурызынан бастап негізгі алаңның "стандарт" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілген. Олармен сауда-саттық 2019 жылдың 05 тамызынан бастап ашылған.

[2023-02-21]