KZ
13 мамыр 2025, 21:15
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
08.02.2023 11:06 #Қаржы құралдары

09 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Nostrum OIL & Gas PLC GB00BGP6Q951 (GB_NTRM) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

/KASE, 08.02.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 09 ақпанынан бастап Nostrum OIL & Gas PLC (Біріккен Корольдік) GB00BGP6Q951 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, GB_NTRM) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" атты ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес аталған акциялардың номиналды құнын төмендету және оларды қайта құрылымдау шеңберінде шоғырландыру туралы компанияны хабардар етуге байланысты тоқтатылады.

Осы тақырып бойынша KASE "Nostrum OIL & Gas PLC компаниясы қайта құрылымдау шеңберінде өзінің GB00BGP6Q951 (GB_NTRM) жай акцияларының номиналды құнын төмендетуді және оларды шоғырландыруды жоспарлап отыр" тақырыбындағы жаңалығы жарияланды – толығырақ

[2023-02-08]