Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Altyntau Kokshetau" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 05.10.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Altyntau Kokshetau" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 400 000 дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "КАЗЦИНК" ЖШС болып табылады.
[2022-10-05]