KZ
12 шілде 2025, 16:06
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
18.05.2022 10:37 #Корпоративтік уақиғалар

14 маусымда "REAL-INVEST.kz" қаржы компаниясы" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

/KASE, 18.05.22/ – акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "REAL-INVEST.kz" қаржы компаниясы" АҚ (Алматы) 2022 жылдың 14 маусымында сағат 10:00-де оның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы келесі күн тәртібімен басталатыны туралы KASE-ге хабарлады:

- жауапкершілігі шектеулі серіктестікке айналдыру арқылы компанияны ерікті түрде қайта құру.;

- компанияны қайта құруды жүзеге асырудың тәртібі мен шарттары туралы;

- компания акцияларының шығарылымын жою;

- компанияның артықшылықты акцияларын ерікті делистинг;

- жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың қатысу үлестерін анықтау;;

- беру актісін бекіту.

Жиналыс өткізу туралы ақпарат KASE интернет-сайтында орналастырылды – толығырақ

[2022-05-18]