Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Альфа-Банк" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 05 мамырындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 11.05.22/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Альфа-Банк" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 05 мамырындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны 548 400 000 дана;
- банктің барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- банктің жалғыз акционері және, тиісінше, банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Банк ЦентрКредит" АҚ болып табылады.
[2022-05-11]