Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Альфа-Банк" Еншілес банкі" АҚ жалғыз акционері жылдық қаржылық есептілікті бекітті және 2021 жылға Банктің жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады
/KASE, 13.04.22/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Альфа-Банк" Еншілес банкі" АҚ (Алматы) оның жалғыз акционерінің 2022 жылдың 12 сәуірдегі шешімдері туралы хабарлады:
- Банктің жылдық қаржылық есептілігін бекіту және жылдық қаржылық есептілікке аудиторлық есепті назарға алу;
- Банктің 2021 жылдағы таза табысын бөлудің келесі тәртібі бекітілсін:
- 2021 жылдың қорытындысы бойынша Банктің жай акциялары бойынша дивидендтер төленбесін;
- Банктің 2021 жылдағы таза кірісі өткен жылдардың бөлінбеген пайдасына жолдансын;
- 2021 жылы Банктің және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне жалғыз акционердің шағымдарының болмауы туралы ақпарат назарға алынсын;
- Директорлар кеңесінің мүшелері мен Банк Басқармасының мүшелері сыйақысының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат назарға алынсын.
Осы ақпарат жарияланды – толығырақ
[2022-04-13]