KZ
RU
EN
29 сәуір 2026, 16:09
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
05.04.2022 12:10 #Сауда-саттық ақпараты

07 сәуірде Қазақстан қор биржасында "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ KZ2C00008506 (PRKRb8) 100 облигациясын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

/KASE, 05.04.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 07 ақпанында сауда-саттық жүйесінде "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Нұр-Сұлтан) KZ2C00008506 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, PRKRb8) облигацияларын орналастыру бойынша төменде берілген шарттармен арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар өткізілетіні туралы хабарлайды (Нұр-Сұлтан уақытымен).

-----------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздар тұрпаты:                 купондық облигациялар         
ISIN:                                    KZ2C00008506                  
KASE сауда-саттық коды:                  PRKRb8                        
Номиналдық құны, теңге:                  1 000,00                      
Шығарылым көлемі, млн теңге:                                           
– тіркелген:                             40 000 000 000                
– орналастырылған:                       –                             
Айналыста болудың басталуы:              бірінші жүзеге асқан          
                                         сауда-саттық күні             
Айналыста болудың соңғы күні:            кейінірек анықталады          
Өтеудің басталу күні:                    кейінірек анықталады          
Айналым мерзімі:                         3 жыл (1 080 күн)             
Купондық мөлшерлеме:                     облигацияларды орналастыру    
                                         бойынша алғашқы жүзеге асқан  
                                         сауда-саттықтың нәтижелері    
                                         бойынша анықталады            
Купондарды төлеу мерзімділігі:           жылына 2                      
Купондарды төлеудің басталу күні:        кейінірек анықталады          
Уақыттық базасы:                         30 / 360                      
---------------------------------------- ------------------------------
Сауда-саттық күні:                       07.04.22                      
Жарияланған орналастыру көлемі           100 000                       
Лот көлемі, дана                         1                             
Сауда-саттық заты:                       купон мөлшерлемесі            
Сатуға өтінім түрлері:                   шектелімді                    
Өтінім беру тәсілі:                      жабық                         
Өтінімдерді қабылдау уақыты:             10:30–11:30                   
Өтінімдерді растау уақыты:               10:30–12:00                   
Кесім уақыты:                            12:30 (Т+0)                   
Төлем уақыты:                            07.04.22, 12:30               
Өтінімдерді кесімдеу әдісі:              кесімдеу бағасына тең немесе  
                                         одан жоғары өтінімдер         
                                         кесімделеді                   
Өтінімдердің бағасына қарай шектелімді   бірыңғай кесімдеу бағасы      
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:       бойынша                       
Өтінімдерді қабылдау кезектілігіне қарай қарсылама өтінімдерді қабылдау
шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру    уақыты бойынша                
тәсілі:                                                                
Сауда-саттық бастамашысы                 "Фридом Финанс" АҚ            
-----------------------------------------------------------------------

Өтінімде баға ретінде купон мөлшерлемесінің мәні екінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигацияның номиналды құнынан жылдық пайызбен көрсетілуі тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде облигациялардың саны данамен көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лоттың мөлшеріне тең немесе еселі болуы тиіс.

Өтінімнің көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның номиналды құнының көбейтіндісі көрсетілуі тиіс.

Мәміленің көлемі толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған, Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелердің сомаларын есептеу әдістеменің 4 тарауына сәйкес есептеледі.

Есеп айырысулар "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ өз ережелерінің жинағы негізінде жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатушы кестеде көрсетілген төлем уақытына "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-дағы өз шотында бағалы қағаздардың болуын қамтамасыз етуге міндетті.

Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімді KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі толығырақ мекен-жайы бойынша жарияланған.

ASTS+ сауда-клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағидасы толығырақ мекен-жайда жарияланған.

Аталмыш облигациялардың толық шығарылымы туралы ақпаратпен толығырақ мекен-жайында танысуға болады.

[2022-04-05]