KZ
RU
EN
29 сәуір 2026, 16:09
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
30.03.2022 11:41 #Қаржы құралдары

"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы "АҚ KZ2C00008506 (PRKRb8) облигациялары KASE негізгі сауда-саттық алаңның "облигациялар "санаты бойынша листингі процедурасынан өтті

/KASE, 30.03.22/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2022 жылдың 30 наурызында KASE ресми тізіміне негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы"АҚ (Нұр-Cұлтан) KZ2C00008506 (1 000 теңге, 40,0 млрд теңге; 3 жыл; жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады; 30/360) облигацияларының енгізу туралы шешім қабылдады.

Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың сауда-саттығының ашылуы туралы KASE қосымша хабарлайтын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымы 100,0 млрд теңге сомасына 2022 жылдың 21 ақпанында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен тіркелген "азық-түлік келісім шарт корпорациясы "Ұлттық компаниясы" АҚ екінші облигациялық бағдарламасының шегінде екінші болып табылады.

"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ қаржы кеңесшісі және андеррайтері "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болып табылады.

Аталған облигацияларға PRKRb8 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілген.

Аталған облигацияларды шығару туралы толық ақпарат Листингілік комиссиясының шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-сайтында жарияланатын болады.

[2022-03-30]