KZ
RU
EN
29 сәуір 2026, 12:30
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
09.02.2022 10:03 #Қаржы құралдары

09 ақпаннан бастап KASE сауда-саттық жүйесінде және деректер қорында "Ауыл шаруашылығына қаржылай қолдау көрсету қоры" АҚ KZ2C00002962 (FAGRb1) және KZ2C00003465 (FAGRb2) облигациялары бойынша эмитент ауыстыру жүргізілді және олардың сауда-саттықтары қайта басталады

/KASE, 09.02.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2022 жылдың 09 ақпанынан бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер қорында "Ауыл шаруашылығына қаржылай қолдау көрсету қоры" АҚ "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамына келесі облигациялары бойынша эмитентті ауыстыру жүргізілді:

1) KZ2C00002962 (KASE негізгі алаңы, «облигациялар» санаты, FAGRb1);

2) KZ2C00003465 (KASE негізгі алаңы, «облигациялар» санаты, FAGRb2).

Аталмыш облигациялардың қолданыстағы сауда-саттық кодары өзгертілмейді.

"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ KASE -ге 2022 жылдың 26 қаңтарында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі тіркеген аталған облигациялардың шығарылым проспектілеріне өзгерістер мен толықтырулардың көшірмелерін, сондай -ақ "Ауыл шаруашылығына қаржылай қолдау көрсету қоры" АҚ эмитентінің атауының KASE сайтында орналастырылған "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ -на ауысуына байланысты бұрын шығарылған эмиссиялардың орнына бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу - толығырақ сілтемесі бойынша.

2021 жылдың 09 ақпанынан бастап Қазақстан қор биржасында 2021 жылдың 23 желтоқсанынан бастап тоқтатылған аталмыш облигацияларен сауда- саттық жаңартылды.

Бұған дейін осы тақырып бойынша 2021 жылдың 22 желоқсанында "23 желтоқсаннан бастап "Ауыл шаруашылығына қаржылай қолдау көрсету қоры" АҚ KZ2C00002962 (FAGRb1) және KZ2C00003465 (FAGRb2 облигацияларымен сауда-саттық тоқтатылды атты KASE жаңалықтары жарияланған болатын – толығырақ

[2022-02-09]