KZ
RU
EN
29 сәуір 2026, 12:32
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
02.02.2022 14:53 #Бағалы қағаздар

"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ өзінің KZ2C00007268 (AGKKb16) облигацияларын өтегені туралы хабарлады

/KASE, 02.02.22/ – "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Нұрсұлтан) Қазақстан қор биржасына (KASE) 2021 жылдың 29 желтоқсанында өзінің KZ2C00007268 (AGKKb16) облигацияларын өтегені туралы хабарлады, оның шеңберінде көрсетілген облигациялар бойынша купондық сыйақы төленді.

Аталған хабарламаға сәйкес аталған облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 9 178 679 752,21 теңгені, оның ішінде негізгі борыш (облигациялардың жиынтық номиналды құнын)– 9 000 000 000 теңгені, купондық сыйақы – 178 679 752,21 теңгені құрады.

[2022-02-02]