KZ
15 шілде 2025, 07:33
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
21.01.2022 09:44 #Бағалы қағаздар

Халықаралық Алматы аэропорты" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

/KASE, 21.01.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, Халықаралық Алматы аэропорты" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Үзінді көшірмеге сәйкес:

  • компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 100 000 дана, артықшылықты акциялар саны – 10 000 дана;
  • компанияның 78 414 жай акциялары орналастырылған, компанияның артықшылықты акциялары орналастырылмаған;
  • компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "ТАВ КАЗАХСТАН (TAV KAZAKHSTAN)" ЖШС болып табылады.

[2022-01-21]