KZ
RU
EN
29 сәуір 2026, 09:23
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
07.12.2021 11:00 #Сауда-саттық ақпараты

09 желтоқсанда Қазақстан қор биржасында Еуразиялық даму банкі KZ2C00005981 (EUBNb18) 59,4 млн облигациясын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

/KASE, 07.11.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2021 жылдың 09 желтоқсанында KASE сауда-саттық жүйесінде Еуразиялық даму банкі KZ2C00005981 (KASE негізгі алаңы, "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" санаты, EUBNb18) облигацияларын орналастыру бойынша төменде берілген шарттар бойынша (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен) арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілетіні туралы хабарлайды.

------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздар тұрпаты:                   купондық облигациялар  
ISIN:                                      KZ2C00005981           
KASE сауда-саттық коды:                    EUBNb18                
Номиналдық құны, теңге:                    100,00                 
Шығарылым көлемі, млн теңге:                                      
– тіркелген:                               70 000 000 000         
– орналастырылған:                         2 000 000 000          
Айналыста болудың басталуы:                15.08.19               
Өтеудің басталу күні                       14.08.26               
Айналыста болудың соңғы күні:              15.08.26               
Айналыста болу мерзімі:                    7 жыл (2 520 күн)      
Купон мөлшерлемесі                         жылдық 10,95 %         
Купонды төлеу мерзімділігі                  жылына 2 рет          
Купон төлеуді бастау күні:                 15 ақпан, және 15 тамыз
                                           жыл сайын              
Уақыттық базасы:                           30 / 360               
------------------------------------------ -----------------------
Сауда-саттық күні:                         09.12.21               
Өтеуге дейінгі мерзімі:                    4,7 жыл (1 686 күн)    
Жарияланған орналастыру көлемі             5 939 822 700          
Лот көлемі, дана                           1                      
Сауда-саттық заты:                         таза бағасы            
Сатуға өтінім түрлері:                     шектелімді             
Өтінім беру тәсілі:                        жабық                  
Өтінімдерді қабылдау уақыты:               11:30–12:30            
Өтінімдерді растау уақыты:                 11:30–12:30            
Кесім уақыты:                              14:30 (Т+0)            
Төлем уақыты:                              09.12.21, 14:30        
Өтінімдерді кесімдеу әдісі:                бағалары кесімді бағаға
                                           тең немесе кесімдеу    
                                           бағасынан төмен        
                                           өтінімдер              
Өтінімдер бағасына қатысты шектелімді      кесімді бағасына тең   
өтінімдерді қанағаттандыру әдісі:          немесе сатушы үшін     
                                           ұтымды болып табылатын 
                                           шектелімді қарама-қайшы
                                           өтінімдер бағасы       
                                           бойынша                
                                                                  
Өтінімдердің беру кезегіне байланысты      қарама-қайшы өтінімдер 
шектеулі өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: уақыты бойынша         
Сауда-саттық бастамашысы                    "Еуразиялық банк" АҚ  
------------------------------------------------------------------
Өтінімде баға ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен 
көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейін дәлдікпен облигацияның 
купон мөлшерлемесі көрсетілуі тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде облигациялардың саны данамен көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лоттың мөлшеріне тең немесе еселі болуы тиіс.

Өтінімнің көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере отырып) көбейтіндісі көрсетілуге тиіс)

Мәміленің көлемі толығырақ жарияланған Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелердің сомаларын есептеу әдістеменің 3 тарауының 18 тармағына сәйкес есептеледі.

Есеп айырысулар "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ өз ережелерінің жинағы негізінде жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатушы кестеде көрсетілген төлем уақытына "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-дағы өз шотында бағалы қағаздардың болуын қамтамасыз етуге міндетті.

Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімді KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі толығырақ мекен-жайы бойынша жарияланған.

ASTS+ сауда-клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағидасы толығырақ мекен-жайда жарияланған.

Аталмыш облигациялардың толық шығарылымы туралы ақпаратпен h толығырақ мекен-жайында танысуға болады.

[2021-12-07]