KZ
13 шілде 2025, 20:29
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
19.11.2021 18:30 #Қаржы құралдары

22 қарашадан бастап бағалы қағаздардың тоғыз атауы Т+ тізіміне енгізіледі

/KASE, 19.11.21/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2021 жылдың 22 қарашасынан бастап келесі бағалы қағаздарын ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге рұқсат етілген қаржы құралдарының тізіміне (Т+ тізімі) енгізу туралы шешім қабылдады:

1) "ГМК "Норильский никель" БАҚ (Россия) RU0007288411 US3453708600 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, RU_GMKN) жай акциялары;

2) "Лукойл" БАҚ (Россия) RU0009024277 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, RU_LKOH) жай акциялары;

3) "Магнит" БАҚ (Россия) RU000A0JKQU8 KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, RU_MGNT) жай акциялары;

4) SPDR Series Trust инвестициялық қоры шығарған SPDR Bloomberg Barclays 1-3 Month T-Bill ETF, US78468R663 IE00BG0C3K84 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, US_BIL_) үлеспұлдары.

Қаржы құралдарын Т+ тізіміне енгізу тәртібі және Т+ қамту тізімі KASE интернет-сайтында сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

[2021-11-19]