KZ
1 шілде 2025, 08:48
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
16.04.2021 08:34 #Бағалы қағаздар

"Estate Management Company" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

/KASE, 16.04.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Estate Management Company" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Үзінді көшірмеге сәйкес:

  • компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 1 200 000 000 дана, артықшылықты акциялар саны – 100 000 000 дана;
  • компанияның 30 073 000 жай акциялары және 3 000 000 артықшылықты акциялары орналастырылған;
  • компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "ФОНД ПРОБЛЕМНЫХ КРЕДИТОВ" АҚ болып табылады.

[2021-04-16]