KZ
RU
EN
31 мамыр 2026, 05:30
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
09.04.2021 10:53 #Корпоративтік уақиғалар

"Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма Төрағасы болып С.Қ. Есімханов тағайындалды

/KASE, 09.04.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан) Қазақстан қор биржасына төмендегі туралы хабарлады:

цитата басы

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының шешімімен Есімханов Сұңғат Қуатұлы «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды. «Самұрық-Энерго» АҚ жаңа басшысын ұжымға бүгін «Самұрық Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев таныстырды.

Бұған дейін Сұңғат Есімханов Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған. Әр жылдары ол Қазақстан Республикасы Энергетика вице- министрі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы, «Қазақэнергоэкспертиза» АҚ президенті, Маңғыстау және Қарағанды облыстарындағы табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі Департаментының директоры болып жұмыс істеді.

Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін және «Болашақ» институтын бітірген.

цитата соңы

Осы ақпарат: - толығырақ – қазақ тілінде;

[2021-04-09]