Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігі жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигациялардың шығарылуына байланысты, Қазақстан Республикасының заңдарындағы өзгертулер туралы хабарлады
/KASE, 02.03.21/ – Қазақстан Республикасының қаржы нарығын ретету және дамыту жөніндегі агенттігі Қазақстан қор биржасына (KASE) келесі ақпараттық хабарламасын ұсынды:
цитата басы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсімді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021ж.02.01. №399-VI Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы жеке меморандумға шығарылымды мемлекеттік тіркеу, өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу тәртібін, шарттары мен мерзімдерін, сондай-ақ жеке меморандумға жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін құжаттарға қойылатын талаптарды айқындайтын №16 Қаулы қабылданды.
Қаулы мыналарды көздейді:
1) облигацияларды жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар тізбесін қысқарту;
2) уәкілетті органның осы облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылған құжаттарды қарау мерзімдерін үш жұмыс күніне дейін қысқарту;
3) құрылымы облигациялар шығарылымы проспектісіне қарағанда ақпараттың қысқартылған көлеміне ие жеке меморандумды ұсыну туралы талап.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі – 2021ж.27.02.
...
[2021-03-02]