Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Fincraft Capital" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 14.01.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Fincraft Capital" АҚ ("Fincraft Capital" АҚ, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 131 250 дана;
- компанияның 99 626 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "БТА Банкi" АҚ болып табылады.
[2021-01-14]