KZ
RU
EN
31 мамыр 2026, 21:54
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
28.10.2020 19:14 #Корпоративтік уақиғалар

KASE директорорлар кеңесі биржа акционерлерінің артышылықты сатып алу құқығымен жүзеге асыру арқылы KZ1C00001213 (KASE) 119 000 жай акцияларын орналастыру туралы шешім қабылдады

/KASE, 28.10.20/ – 2020 жылдың 27 қазанында Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) Биржаның (KASE) KZ1C00001213 жай акцияларын орналастыру туралы шешім қабылдады.

Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңының 16 бабына талаптарына сәйкес Биржа өзінің акционерлеріне KASE жай акцияларын өзінің артықшылықты сатып алу құқығын жүзеге асыру аясында сатып алуды ұсынады.

Орналастырылған бағалы қағаздар саны – 119 000 жай акциялар. Орналастыру бағасы – бір акцияға 13 918 теңге 67 тиын.

Орналастырылған акциялардың саны (қоғам сатып алғанды алып тастағанда) олардың түрлері бойынша орналастырылған (сатылған) бағалы қағаздардың санына қатынасы – 961 044 : 119 000 (8,076 : 1).

Орналастырылған жай акцияларды атықшылықты сатып алу құқығы бар акционерлердің тізімі Биржаның бағалы қағаздарын ұстаушылардың тізілім жүйесі мәліметтері негізінде 2020 жылдың 27 қазанындағы (00 сағат 00 минут) жағдайы бойынша тіркелген.

Биржаның акцияларын сатып алуға өтінім беру тәртібімен, акциялардың сатып алу және төлем шарттарымен KASE интернет-сайтында толығырақ мекен- жайында танысуға болады.

Биржа акцияларының аңдатпасы KASE интернет-сайтында – толығырақ жарияланған.

[2020-10-28]