Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
Халықаралық Алматы аэропорты" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 10.07.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, Халықаралық Алматы аэропорты" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 100 000 дана, артықшылықты акциялар саны – 10 000 дана;
- компанияның 78 414 жай акциялары орналастырылған, компанияның артықшылықты акциялары орналастырылмаған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға VENUS AIRPORT INVESTMENTS B.V. болып табылады.
[2020-07-10]