KZ
30 сәуір 2025, 09:42
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
23.12.2019 14:17 #Корпоративтік уақиғалар

Банк ВТБ АҚ Еншілес ұйымы (Қазақстан) және "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ қоржын кепілдігі туралы келісімге қол қойды

/KASE, 23.12.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінің ресми тізімінде тұрған Банк ВТБ АҚ Еншілес ұйымының (Қазақстан) 2019 жылдың 23 желтоқсанындағы баспасөз хабарламасын ұсынды:

...

Портфельдік кепілдеме – Қордың банкке деген сенімнің лимиті. Осы келісім бойынша банк өз сараптамасының негізінде Қордың кредит жобасын қосымша қарастырмай, банк беретін кредиттерді қамтамасыз ету үшін «Даму» қорының кепілдігін алу туралы шешімді өз бетінше қабылдауға мүмкіндікке ие болады. Бұл кәсіпкерлердің кредит алу процедурасынан өту уақытын айтарлықтай қысқартады. ВТБ портфельдік кепілдеме бағдарламасына кірген Қазақстандағы алтыншы банк.

  • ВТБ «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қордың кепілдігін беру туралы шешім қабылдау процесін сеніп тапсырған қазақстандық банктердің бірі болды. Біз бұрыннан бері «Даму»-мен жұмыс істеп келеміз және бізге көрсеткен сенім үшін ризашылығымызды білдіреміз. Бұл факт біздің банк өте жоғары деңгейдегі кәсіби қаржылық сараптаманы ұсынатынын тағы да растайды. Бірақ, ең бастысы, енді біздің клиенттеріміз өз бизнесін дамыту үшін қажетті қаржыландыруды бұрынғыдан бірнеше есе жылдамырақ ала алады, - деп атап өтті Банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасының Төрағасы Дмитрий Забелло.

Портфельдік кепілдеме кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Еңбек» және «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде кредит алатын Банк клиенттерінің жобаларына тарайды. Келісімнің талаптары бойынша ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, сондай-ақ кредит бойынша мерзімін өткізіп алған немесе банк қарыздарын қайта құрылымдаған кәсіпкерлер осы жобаға қатыса алмайды.

...

[2019-12-23]