Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы" өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 22.10.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы" (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C56950013 жай акцияларының жалпы саны 50 000 000 дана;
- компанияның 36 951 133 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "Орта-Азиялық отын-энергетика компаниясы" АҚ болып табылады, оның меншігінде 34 272 706 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 92,75%) бар.
[2019-10-22]