KZ
24 сәуір 2025, 21:18
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
01.11.2018 12:46 #Индекстер мен индикаторлар

2018 ЖЫЛДЫҢ 01 ҚАРАШАСЫНАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ, KASE ИНДЕКСІНІҢ МӘНІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕТІН, АКЦИЯЛАРДЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІН ӨЗГЕРТТІ

/KASE, 01.08.18/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің шешімімен 2018 жылдың 01 қарашасынан бастап KASE индексінің өкілетті тізіміне енетін акциялардың жаңа параметрлері – еркін айналыстағы акциялардың үлесі және шектеу коэффициенттері – анықталды.

Төменде берілген кестеде KASE Индексінің мәніне ықпал ететін, акциялардың 01 қарашасына дейін қолданыста болған және жаңа параметрлері көрсетілген.

--------------------------------------------------------------------------------
             2018 жылдың 01 қарашасынан бастап   2018 жылдың 01 қарашасына дейін
         -------------- ------- ------------ -------------- ------- ------------
               орналас-    free       шектеу       орналас-    free       шектеу
Акцияның       тырылған   float коэффициенті       тырылған   float коэффициенті
коды      акцияларсаны (Fi), %         (Ri)  акцияларсаны (Fi), %          (Ri
-------- -------------- ------- ------------ -------------- ------- ------------
CCBN        162 456 800    33,0    1,0000000    162 456 800    26,6    1,0000000
GB_KZMS     458 379 033    51,8    0,0340440    458 379 033    57,0    0,0282341
HSBK     11 754 075 497    25,5    0,0615865 10 995 404 574    26,5    0,0954480
KCEL        200 000 000    17,9    0,3211260    200 000 000    15,6    0,5525299
KEGC        259 998 610    10,0    0,4821023    259 998 610    10,0    0,7515940
KZTK         10 707 323    23,0    0,2704704     10 707 323    23,0    0,3438827
KZTO        384 628 099    10,0    0,3881076    384 628 099    10,0    0,5346417
--------------------------------------------------------------------------------
                                                                                
--------------------------------------------------------------------------------

Осыдан басқа, Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің аталмыш шешімімен 2018 жылдың 01 қарашасынан бастап KASE Индексін есептеу барысында түзету коэффициентінің жаңа мәні (K) – 5,8125495 қолданылады. Аталмыш күнге дейін K – 4,3215087 тең болды.

КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ

KASE индексі – KASE акция нарығының индексі, ол аталмыш индексті есептеу үшін өкілетті тізімге енгізілген акциялар бағасының өзгеруін, олардың эмитенттерінің капитализациясын және еркін айналыстағы (free float) бұл акциялар санын ескере отырып, көрсетеді. Бір атаулыдағы акцияның KASE индексіне ықпалы 15 %-дан аса алмайды. KASE индексі осы индексті есептеу үшін өкілетті тізімдегі атаулы акцияларымен мәміле жасау шамасына қарай сауда-саттық күні барысында есептеледі. Параметрлері KASE индексін есептеуге қажетті, мәмілелер сауда-саттық күні барысында жасалмаса, мұндай есептесулер мақсатында соңғы нәтижелі сауда-саттық сессиясының нәтижелері қолданылады.

Индексті есептеу әдістемесі "Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатында берілген, ол KASE веб-сайтында толығырақ мекен-жай бойынша жарияланған.

Индекс беті толығырақ мекен-жай бойынша жарияланған.

Акция коды: биржада сатылатын, бағалы қағаздар эмитентінің кодын (алғашқы 4 таңбасы, сондай-ақ жай акция коды): акция санатын (егер бесінші таңба "p" болса, онда артықшылықты акция); акция шығарылымының реттік нөмірі (қажет болған жағдайда, алтыншы сандық таңба) көрсетіледі. Эмитенттердің кодтары: ABBN – "Астана Банкі"; CCBN – " ЦентрКредит Банкі" АҚ; GB_KZMS – KAZAKHMYS PLC; HSBK – "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ; KCEL –"Кселл" АҚ; KEGC – "Қазақстан электр желілерін басқару компаниясы" АҚ (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOC" (KEGC); KZTK – "Қазақтелеком" АҚ; KZTO – "КазТрансОйл" АҚ.

Орналастырылған акциялар саны – листингілік компания акционерлерінің тізілімі жүйесінің үзінді көшірмесінің мәліметтері немесе компанияның ақпараты негізінде, қайта сатып алынғандарды есептемегенде, листингілік компанияның орналастырылған акциялар саны ретінде, KASE дербес түрде анықтайтын, параметр. Биржа KASE Индексін есептеу кезінде орналастырылған акциялардың биржадағы құжаттармен расталған санының мәнін ескереді.

Free float (Fi), % – мемлекетке, эмитент менеджментіне және, эмитенттің жай акцияларының жалпы санынан бес және одан көп көлеміндегі пайызына иеленген, акционерлерге тиесілі емес, KASE Тәуекел комитетінің шешімімен стратегиялық деп танылмаған (есептік қызмет көрсету қызметін атқаратын институционалды инвесторлар, номиналды иелері және т.б.) акционерлерді қоспағанда, акциялардың саны ретінде KASE анықтайтын параметр.

Шектеу коэффициент (Ri) – әрбір акцияның индекс мәніне ықпалын он бес пайызға дейін шектейтін, параметр.

[2018-11-01]