KZ
24 сәуір 2025, 05:45
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
12.10.2018 17:44 #KASE Индексі

KASE 2018 ЖЫЛДЫҢ 01 ҚАРАШАСЫНАН БАСТАП KASE ИНДЕКСІН ЕСЕПТЕУГЕ АРНАЛҒАН ӨКІЛЕТТІЛІК ТІЗІМДІ АНЫҚТАДЫ

/KASE, 12.10.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE), "Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес Индекс және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің 2018 жылдың 12 қазанындағы шешімімен, 2018 жылдың 01 қарашасынан бастап KASE Индексін есептеуге арналған өкілеттілік тізімін анықтады.

Аталмыш шешімге сәйкес, 2018 жылдың 01 қарашасынан бастап KASE Индексін есептеу үшін өкілеттік тізімі өзгеріссіз қалады. "

Сонымен, 2018 жылдың 01 қаршасынан бастап KASE Индексін есептегенде келесі акциялардың параметрлері қолданылатын болады:

-------------------------------------------------------------------------
# р/с Акцияның ҰСН немесе ISIN Эмитент                Fi     Ri     Үлесі
      коды                                                               
----- -------- --------------- --------------------- ---- --------- -----
  1   CCBN     KZ1C36280010    "Банк ЦентрКредит" АҚ 36,9 1,0000000  10,0
  2   GB_KZMS  GB00B0HZPV38    KAZ Minerals PLC      55,4 0,0312270  15,0
  3   HSBK      KZ1C33870011   "Қазақстан Халық      55,4 0,0667180  15,0
                               жинақ банкі" АҚ "                         
  4   KCEL      KZ1C59150017   "Кселл" АҚ            55,4 0,3897880  15,0
  5   KEGC      KZ1C34930012   "KEGOC" АҚ (KEGC)     55,4 0,5306412  15,0
  6   KZTK      KZ1C12280018   "Қазақтелеком" АҚ     55,4 0,2865731  15,0
  7   KZTO      KZ1C29950017   "ҚазТрансОйл" АҚ      55,4 0,4066438  15,0

КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ

ҰСН немесе ISIN – акцияның ұлттық немесе халықаралық сәйкестендіру нөмірі.

Эмитент – акция эмитентінің қысқаша атауы.

Fi – 12.10.18 жылы KASE-де тіркелген, соңғы мәміле бағасының, 12.10.18 жылға еркін айналыстағы акциялар санының және, әрбір атаулы акциясының индекс мәніне әсер ету үлесін шектейтін, Ri коэфициентінің көбейтіндісі нәтижесінде алынған параметр, млн АҚШ долларымен көрсетіледі. Индекс және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің шешімі күшіне енгеннен кейін, яғни 01.08.17 басында Fi мәні біршама басқа болады, өйткені акциялардың ағымдағы бағаларына сәйкес Ri коэффициенттері түзетілетін болады.

Ri – шектеу коэффициенті – есептесу тәртібі Әдістемеде берілген, 0,15 (15 %) дейін индекс мәніне әрбір акцияның әсер ету үлесін шектейтін параметр.

Үлес – KASE Индексін есептеуге арналған өкілеттілік тізімде тұрған, барлық атаулылар акцияларының жалпы нарықтық құнындағы қандай да бір атаулы акциясының жалпы нарықтық бағасының үлесі.

Әдістеме мәтіні KASE интернет-сайтында толығырақ мекен-жайы бойынша жарияланған.

[2018-10-12]