KZ
2 шілде 2025, 16:27
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
26.04.2018 12:41 #Қаржы құралдары

26 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында қоғамды "Фридом Финанс" АҚ қосу арқылы ерікті түрде қайта таратуға байланысты "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ KZ1C54500018 (KZ1C00001106, ASYL) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды

/KASE, 26.04.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) Басқармасының шешімімен 2018 жылдың 26 сәуірінен бастап KASE сауда- саттық жүйесінде "АСЫЛ-ИНВЕСТ" (Алматы) KZ1C54500018 (KZ1C00001106, KASE балама сауда-саттық алаңы, "акциялар" секторы, ASYL) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылғаны туралы хабарлайды.

Аталмыш шешім KASE ішкі құжаты "Листингілік ережелердің 25 бабы 1 тармағы 1) тармақшасына сәйкес, 2018 жылдың 25 сәуіріндегі "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ хат ынегізінде қабылданды. Хатқа сәйкес 2018 жылдың 24 сәуірінде оның есепке алу жүйесінде "АСЫЛ- ИНВЕСТ" АҚ "Фридом Финанс" акционерлік қоғамына "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ қосу арқылы "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ ерікті түрде қайта құру арқылы KZ1C54500018 жай акциялары және "Фридом Финанс" АҚ KZ1C54860016 жай акцияларын есептен шығару операциялары тіркелді.

Бұрын осы тақырыпта KASE жаңалықтары жарияланған болатын:

  • 2018 жылдың 27 ақпанында – "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ қоғам акционерлерінің бірікен шешімі және "Фридом Финанс" АҚ біріктіру арқылы ерікті түрде қайта құрғаны туралы хабарлады – толығырақ
  • 2018 жылдың 27 ақпанында – "Фридом Финанс" АҚ қоғам акционерлерінің бірікен шешімі және "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ біріктіру арқылы ерікті түрде қайта құрғаны туралы хабарлады – толығырақ

[2018-04-26]