KZ
20 маусым 2025, 09:06
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
07.06.2017 18:20 #Қаржы құралдары

"КТЖ Финанс" АҚБ RU000A0JXS34 (TMJLe5) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің KASE негізгі сауда-саттық алаңының "Облигациялар" санатына 07 маусымнан бастап енгізілді

/KASE, 07.06.17/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2017 жылдың 27 сәуіріндегі шешімімен "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) кепілдігімен шығарылған "КТЖ Финанс" АҚБ (Москва) RU000A0JXS34 халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізуге келісім берілді.

Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2017 жылдың 07 маусымынан бастап, эмитенттің Листингілік ережелерінің 5 тарауының 1 тармағы 2) тармақшасының 2.2 қосымшасында анықталған шарттарды орындауына байланысты, күшіне енгізілді.

2017 жылдың 07 маусымынан бастап ресми KASE тізімінің құрылымы өзгеруіне байланысты аталмыш облигациялар негізгі сауда-саттық алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторының "облигациялар" санаты бойынша енгізілген деп танылды.

Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады.

Аталмыш облигацияларға тиісінше TMJLe5 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді.

Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпаратпен KASE интернет-сайтында толығырақ мекен-жайында танысуға болады.

[2017-06-07]