KZ
20 сәуір 2025, 20:59
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
18.10.2016 10:19 #Бағалы қағаздар

"CHINATOWN" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2016 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

/KASE, 18.10.16/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "CHINATOWN" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2016 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Үзінді көшірмеге сәйкес:

  • компанияның жарияланған KZ1C53690018 жай акцияларының жалпы саны 750 000 000 дана, KZ1P53690114 артықшылықты акциялар саны – 250 000 000 дана;
  • компанияның 291 474 950 жай акциялары және 182 506 408 артықшылықты акциялары орналастырылған;
  • компания өзінің 2 157 335 акциялары кері сатып алды;
  • компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан әрқайсысы бес және одан аса көлемдегі санына иеленген тұлғалар болып табылады:

    --------------------------------------------------------------------------------
                                                            Артықшылықты            
                                   Жай акциялары,             акциялары,            
                         ------------------------ ---------------------- Компанияның
                                       орналасты-             орналасты-  орналасты-
                                       рылған осы             рылған осы  рылған осы
                                         атаудағы               атаудағы    атаудағы
                                        акциялар-              акциялар-   акциялар-
                                        дың жалпы              дың жалпы   дың жалпы
                                        санындағы              санындағы   санындағы
    Атауы, аты-жөні               дана   ұлесі, %        дана   ұлесі, %    ұлесі, %
    -------------------- ------------- ---------- ----------- ---------- -----------
    Ә.Х.Алпыспаев          247 483 060      85,54           -          -       52,21
    "AISARA & MK" ЖШС       12 057 258       4,17  41 503 587     22,74*       11,30
    "Альфа Бизнес" ЖШС      11 876 452       4,10  67 581 759     37,03*       16,76
    А.В.Күшіков             10 000 000       3,46  25 000 000     13,70*        7,38
    --------------------------------------------------------------------------------
    *Аталған үзінді көшірмеге сәйкес KASE есептеді.
    

[2016-10-18]