"Magnum Cash&Carry" АҚ KZP01Y10F225 (KZ2P00003536, MAGNb1) облигациялары KASE листинг процедурасынан "өзге де бағалы қағаздар" санаты бойынша өтті
/KASE, 27.05.16/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2016 жылдың 27 сәуіріндегі шешімімен KASE ресми тізімінің "өзге де бағалы қағаздар" санаты бойынша "Magnum Cash&Carry" АҚ (Алматы) KZP01Y10F225 (KZ2P00003536, 1 000 теңге, 33,0 млрд теңге; 10 жыл; тиянақталған жарты жылдық купон, жылдық 4,00 %, 30/360) облигациялары енгізілді.
Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі күшіне енгені туралы эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағы 2) тармақшасында анықталған шарттарды орындағаннан кейін қосымша жарияланады.
Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің 2016 жылдың 01 ақпанында тіркелген "Magnum Cash&Carry" АҚ облигацияларының шығарылымы KASE листинг процедурасынан өткен, жалпы сомасы 100,0 млрд теңгеге аталмыш эмитенттің ішкі облигациялық бағдарламасы аясында бірінші шығарылымы болып табылады.
"Magnum Cash&Carry" АҚ облигациялардың ұстаушы өкілі "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болып табылады.
Аталмыш облигацияларды ұстаушы өкілі "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) болып табылады.
Аталмыш облигацияларға тиісінше MAGNb1 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді.
Осы облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат, Листингілік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE интернет- сайтында жарияланады.
[2016-05-27]