Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"КоЖаН" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2015 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 21.07.15/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "КоЖаН" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2015 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C59860011 жай акцияларының жалпы саны 11 748 046 дана;
- компанияның 10 748 046 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға INTERNATIONAL MINERAL RESOURCES II B.V. болып табылады.
[2015-07-21]