KZ
RU
EN
10 маусым 2026, 13:06
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
11.08.2014 15:31 #Қаржы құралдары

2014 жылдың 11 тамызынан бастап "Mineral Resources of Central Asia" АҚ KZ1C43150016 (KZ000A1СТМ75, ZERD) жай акциялары және KZ1P43150112 (KZ1P00000467, ZERDp) артықшылықты акциялары KASE ресми тізімінен шығарылды

/KASE, 11.08.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2014 жылдың 11 тамызынан бастап "Mineral Resources of Central Asia" АҚ (Алматы) KZ1C43150016 (KZ000A1СТМ75, сауда-саттық коды – ZERD) жай акциялары және KZ1P43150112 (KZ1P00000467, торговый код – ZERDp) артықшылықты акциялары KASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды.

KASE 2014 жылдың 01 тамызындағы қорытындысында аталмыш акциялардың делистингіне "Mineral Resources of Central Asia" АҚ жыл сайынғы листингіліке алымдарды төлеу бойынша қарызы негіз болған.

Жоғарыда аталғанның негізінле және "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 19 бабының 1тармағының 6) тармақшасына сәйкес, осы акциялар делистингіленді.

Аталмыш акциялардың Қазақстан қор биржасында айналыста болу мерзімі барысында, олармен ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелердің бағасы бір жай акцияға 0,05-тен 7,20 теңгеге дейін және бір артықшылықты акцияға 0,03-тен 5,72 теңгеге дейін құбылды.

Жай акциялар KASE ресми тізіміне 2003 жылдың 07 наурызында "В" санаты бойынша енгізіліп, 2008 жылдың 01 қыркүйегінкен бастап екінші, ал 2012 жылдың 31 қазанынан бастап KASE ресми тізімінің үшінші санатына ауыстырылған. Олардың сауда-саттығы 2003 жылдың 21 наурызынан бастап ашылған.

Артықшылықты акциялар KASE ресми тізімінеи 2009 жылдың 03 наурызынан бастап енгізіліп, 2012 жылдың 31 наурызынан бастап KASE ресми тізімінің үшінші санатына ауыстырылған. Олардың сауда-саттығы 2009 жылдың 03 наурызынан бастап ашылған.

[2014-08-11]