KZ
12 наурыз 2026, 09:35
KZ
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
01.08.2014 10:56 #KASE Индексі

2014 ЖЫЛДЫҢ 01 ТАМЫЗЫНАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ, KASE ИНДЕКСІНІҢ МӘНІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕТІН, АКЦИЯЛАРДЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІН ӨЗГЕРТТІ

/KASE, 01.08.14/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің шешімімен 2014 жылдың 01 тамызынан бастап KASE индексінің өкілетті тізіміне енетін 2014 жылдың 31 шілдесіндегі акциялардың жаңа параметрлері – еркін айналыстағы акциялардың үлесі және шектеу коэффициенттері – анықталды.

Төменде берілген кестеде KASE Индексінің мәніне ықпал ететін, акциялардың 01 тамызына дейін қолданыста болған және жаңа параметрлері көрсетілген.

--------------------------------------------------------------------------------
             2014 жылдың 01 тамызынан бастап       2014 жылдың 01 тамызына дейін
         -------------- ------- ------------ -------------- ------- ------------
               орналас-    free       шектеу       орналас-    free       шектеу
Акцияның       тырылған   float коэффициенті       тырылған   float коэффициенті
коды           акциялар (Fi), %         (Ri)       акциялар (Fi), %         (Ri)
                   саны                                саны                     
-------- -------------- ------- ------------ -------------- ------- ------------
CCBN        162 456 800    26,6    1,0000000    162 456 800    26,6    1,0000000
GB_KZMS     458 379 033    63,9    0,1310142    458 379 033    63,9    0,1277696
HSBK     10 911 224 990    26,7    0,2550488 10 911 224 990    26,7    0,2299761
KCEL        200 000 000    25,0    0,2625282    200 000 000    25,0    0,1880086
KKGB        778 625 062     7,3    1,0000000    778 625 062     7,3    1,0000000
KZTK         10 715 908    21,0    1,0000000     10 712 081    21,0    0,9380434
KZTO        384 635 599    10,0    0,8412601    384 635 599    10,0    0,5726650
RDGZ         67 693 075    36,3    0,0783280     67 693 075    36,3    0,0667672
--------------------------------------------------------------------------------

Осыдан басқа, Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің аталмыш шешімімен 2014 жылдың 04 мамырынан бастап KASE Индексін есептеу барысында түзету коэффициентінің жаңа мәні (K) – 1,7785359 қолданылады.

КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ

KASE индексі – KASE акция нарығының индексі, ол аталмыш индексті есептеу үшін өкілетті тізімге енгізілген акциялар бағасының өзгеруін, олардың эмитенттерінің капитализациясын және еркін айналыстағы (free float) бұл акциялар санын ескере отырып, көрсетеді. Бір атаулыдағы акцияның KASE индексіне ықпалы 15 %-дан аса алмайды. KASE индексі осы индексті есептеу үшін өкілетті тізімдегі атаулы акцияларымен мәміле жасау шамасына қарай сауда-саттық күні барысында есептеледі. Параметрлері KASE индексін есептеуге қажетті, мәмілелер сауда-саттық күні барысында жасалмаса, мұндай есептесулер мақсатында соңғы нәтижелі сауда-саттық сессиясының нәтижелері қолданылады.

Индексті есептеу әдістемесі "Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатында берілген, ол KASE веб-сайтында толығырақ мекен-жай бойынша жарияланған.

Индекс беті толығырақ мекен-жай бойынша жарияланған.

Акция коды: биржада сатылатын, бағалы қағаздар эмитентінің кодын (алғашқы 4 таңбасы, сондай-ақ жай акция коды): акция санатын (егер бесінші таңба "p" болса, онда артықшылықты акция); акция шығарылымының реттік нөмірі (қажет болған жағдайда, алтыншы сандық таңба) көрсетіледі. Эмитенттердің кодтары: CCBN – " ЦентрКредит Банкі" АҚ; GB_KZMS – KAZAKHMYS PLC; GB_ENRC – EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC; HSBK – "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ; KCEL –"Кселл" АҚ; KKGB – "Казкоммерцбанк" АҚ; KZTK – "Қазақтелеком" АҚ; KZTO – "КазТрансОйл" АҚ; RDGZ – "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ.

Орналастырылған акциялар саны – листингілік компания акционерлерінің тізілімі жүйесінің үзінді көшірмесінің мәліметтері немесе компанияның ақпараты негізінде, қайта сатып алынғандарды есептемегенде, листингілік компанияның орналастырылған акциялар саны ретінде, KASE дербес түрде анықтайтын, параметр. Биржа KASE Индексін есептеу кезінде орналастырылған акциялардың биржадағы құжаттармен расталған санының мәнін ескереді.

Free float (Fi), % – мемлекетке, эмитент менеджментіне және, эмитенттің жай акцияларының жалпы санынан бес және одан көп көлеміндегі пайызына иеленген, акционерлерге тиесілі емес, KASE Тәуекел комитетінің шешімімен стратегиялық деп танылмаған (есептік қызмет көрсету қызметін атқаратын институционалды инвесторлар, номиналды иелері және т.б.) акционерлерді қоспағанда, акциялардың саны ретінде KASE анықтайтын параметр.

Шектеу коэффициент (Ri) – әрбір акцияның индекс мәніне ықпалын он бес пайызға дейін шектейтін, параметр.

[2014-08-01]