KZ
12 наурыз 2026, 09:29
KZ
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
04.05.2014 12:11 #KASE Индексі

2014 ЖЫЛДЫҢ 04 МАМЫРЫНАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ, KASE ИНДЕКСІНІҢ МӘНІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕТІН, АКЦИЯЛАРДЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІН ӨЗГЕРТТІ

/KASE, 04.05.14/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің шешімімен 2014 жылдың 04 мамырынан бастап KASE индексінің өкілетті тізіміне енетін акциялардың жаңа параметрлері – еркін айналыстағы акциялардың үлесі және шектеу коэффициенттері – анықталды.

Төменде берілген кестеде KASE Индексінің мәніне ықпал ететін, акциялардың 03 ақпанға дейін қолданыста болған және жаңа параметрлері көрсетілген.

--------------------------------------------------------------------------------
             2014 жылдың 04 мамырынан бастап       2014 жылдың 04 мамырына дейін
         -------------- ------- ------------ -------------- ------- ------------
               орналас-    free       шектеу       орналас-    free       шектеу
Акцияның       тырылған   float коэффициенті       тырылған   float коэффициенті
коды           акциялар (Fi), %         (Ri)       акциялар (Fi), %         (Ri)
                   саны                                саны                     
-------- -------------- ------- ------------ -------------- ------- ------------
CCBN        162 456 800    26,6    1,0000000    162 456 800    27,2    1,0000000
GB_KZMS     458 379 033    63,9    0,1277696    458 379 033    63,9    0,1734025
HSBK     10 911 224 990    26,7    0,2299761 10 911 224 990    26,7    0,2158153
KCEL        200 000 000    25,0    0,1880086    200 000 000    25,0    0,1811894
KKGB        778 625 062     7,3    1,0000000    778 625 062     7,3    1,0000000
KZTK         10 712 081    21,0    0,9380434     10 719 174    21,0    0,8463990
KZTO        384 635 599    10,0    0,5726650    384 635 600    10,0    0,5706011
RDGZ         67 693 075    36,3    0,0667672     67 693 075    36,3    0,0670748
--------------------------------------------------------------------------------

Осыдан басқа, Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің аталмыш шешімімен 2014 жылдың 04 мамырынан бастап KASE Индексін есептеу барысында түзету коэффициентінің жаңа мәні (K) – 2,0356984 қолданылады.

КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ

KASE индексі – KASE акция нарығының индексі, ол аталмыш индексті есептеу үшін өкілетті тізімге енгізілген акциялар бағасының өзгеруін, олардың эмитенттерінің капитализациясын және еркін айналыстағы (free float) бұл акциялар санын ескере отырып, көрсетеді. Бір атаулыдағы акцияның KASE индексіне ықпалы 15 %-дан аса алмайды. KASE индексі осы индексті есептеу үшін өкілетті тізімдегі атаулы акцияларымен мәміле жасау шамасына қарай сауда-саттық күні барысында есептеледі. Параметрлері KASE индексін есептеуге қажетті, мәмілелер сауда-саттық күні барысында жасалмаса, мұндай есептесулер мақсатында соңғы нәтижелі сауда-саттық сессиясының нәтижелері қолданылады.

Индексті есептеу әдістемесі "Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатында берілген, ол KASE веб-сайтында толығырақ мекен-жай бойынша жарияланған.

Индекс беті толығырақ мекен-жай бойынша жарияланған.

Акция коды: биржада сатылатын, бағалы қағаздар эмитентінің кодын (алғашқы 4 таңбасы, сондай-ақ жай акция коды): акция санатын (егер бесінші таңба "p" болса, онда артықшылықты акция); акция шығарылымының реттік нөмірі (қажет болған жағдайда, алтыншы сандық таңба) көрсетіледі. Эмитенттердің кодтары: CCBN – " ЦентрКредит Банкі" АҚ; GB_KZMS – KAZAKHMYS PLC; GB_ENRC – EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC; HSBK – "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ; KCEL –"Кселл" АҚ; KKGB – "Казкоммерцбанк" АҚ; KZTK – "Қазақтелеком" АҚ; KZTO – "КазТрансОйл" АҚ; RDGZ – "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ.

Орналастырылған акциялар саны – листингілік компания акционерлерінің тізілімі жүйесінің үзінді көшірмесінің мәліметтері немесе компанияның ақпараты негізінде, қайта сатып алынғандарды есептемегенде, листингілік компанияның орналастырылған акциялар саны ретінде, KASE дербес түрде анықтайтын, параметр. Биржа KASE Индексін есептеу кезінде орналастырылған акциялардың биржадағы құжаттармен расталған санының мәнін ескереді.

Free float (Fi), % – мемлекетке, эмитент менеджментіне және, эмитенттің жай акцияларының жалпы санынан бес және одан көп көлеміндегі пайызына иеленген, акционерлерге тиесілі емес, KASE Тәуекел комитетінің шешімімен стратегиялық деп танылмаған (есептік қызмет көрсету қызметін атқаратын институционалды инвесторлар, номиналды иелері және т.б.) акционерлерді қоспағанда, акциялардың саны ретінде KASE анықтайтын параметр.

Шектеу коэффициент (Ri) – әрбір акцияның индекс мәніне ықпалын он бес пайызға дейін шектейтін, параметр.

[2014-05-04]