/ҚАЙТАЛАУ/ 2013 ЖЫЛДЫҢ 10 МАУСЫМЫНАН БАСТАП KASE САУДА-САТТЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА НҰСҚАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
/KASE, 03.06.13 - 29.05.13 жаңалықты қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2013 жылдың 10 маусымынан бастап, KASE сауда-саттық жүйесінің жаңа нұсқасын (2.36 нұсқа) іске қосуды жоспарлап отырғандығын хабарлайды.
Сауда-саттық жүйесінің жаңа нұсқасында алдыңғы нұсқасымен салыстырғанда төмендегі өзгерістер бар:
- бағалы қағаздарды автоматты түрде сату кезінде қосымша шот түріне сәйкес депо шоты бөлімін таңдау қызметі енгізілген (негізгі бөлім/ алғашқы орналастыру), сонымен қатар сауда жүйесінің пайдаланушысына депо шоты бөлімін опционды түрде орындау қажет емес;
- "Мәмілелер" кестесіне "Маркет-Мейкердің Міндетті Баға Белгілеуі" белгісімен өтініші бойынша мәміле жасау индикациясымен бір жол қосылған;
- іздеу тетігі жақсартылған;
- алдыңғы нұсқаларда анықталған кемшіліктер түзетілді.
Сауда-саттық жүйесі терминалының жаңа нұсқасы толығырақ мекен-жайында орналасқан.
Сауда-саттық жүйесінің 2.36 нұсқасы бойынша пайдалануға нұсқаулығы KASE сайтында толығырақ мекен-жайында орналасқан.
Жаңа сауда-саттық жүйесінің кемшіліктері немесе дұрыс жұмыс істемеу жағдайлары туралы (немесе жоқ екендігі туралы) электрондық пошта мекен- жайына baimakhanov@kase.kz немесе ts@kase.kz, немесе (727) 237 60 23 телефонына (Баймаханов Ербол) хабарласуға болады.
[2013-06-03]