KZ
3 мамыр 2025, 08:50
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
08.05.2013 18:07 #Индекстер мен индикаторлар

08 мамыр күні KASE индексінің мәні 1,90 % - дан 1006,77-ге дейін өсті

/KASE, 08.05.13/ – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) акциялардың сауда- саттық қорытындысы бойынша 2013 жылдың 08 мамырында KASE Индексінің мәні 18,82 нүктеге (1,90 %) 987,95-тен 1 006,77-ге дейін өсті

Осы күні жасалған бірінші мәміле индексті 988,06 деңгейінде тіркеді. Сауда- саттық барысында индекстің максималды мәні 1 006,77, ал минималдысы – 988,06 құрады.

Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі 08 мамырда алдыңғы сауда-саттық күнмен салыстырғанда теңгелік баламамен 3,6 есе өсіп, 31,1 млн теңгені (205,7 мың USD) құрады.

Сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE Индексінің есептік базисінің динамикасы

----------------------------------------------------------
Акцияның сауда        Соңғы бағасы,    Бағаның   Индекске 
саттық коды    бір акцияға теңгемен өзгеруі, % "ықпал ету"
               --------------------                       

08.05.12 06.05.12 үлесі, %

-------------- ---------- --------- ---------- -----------
CCBN               182,00    182,36       -0,2         2,4
GB_ENRC            727,00    705,00       +3,1        16,0
GB_KZMS            952,00    900,00       +5,8        15,2
HSBK                27,10     26,83       +1,0        14,7
KKGB             2 270,00  2 200,00       +3,2        15,5
KZTK               173,00    173,00          0         2,9
RDGZ            14 400,00 14 450,00       -0,4         9,6
----------------------------------------------------------

KASE Индексінің өзгеруі

-------------------------------------------------------------
                                                      Өзгеру:
                                          -------------------
                                          ----- -------------
Кезең                                     %-бен жылдық %-бен*
----------------------------------------- ----- -------------
Соңғы 30 күнде (бір айда)                  +7,6         +92,1
Ағымдағы жылдың басынан (01.01.12 бастап)  +1,5          +4,4
соңғы 365 күнде (жылда)                   -12,1         -12,1
2011 жылда                                -15,0         -15,0
2010 жылдың басынан                       -40,8         -17,4
-------------------------------------------------------------

* Кірістілік actual/365 базисі бойынша есептелінген.

Белгілі бір күнге KASE Индексінің мәні ретінде, осы күні биржада тіркелген аталмыш индекстің соңғы мәні қолданылады.

KASE Индексінің мәні, осы индексті есептеуге арналған өкілетті тізімге енгізілген акциялар бағасының, олардың эмитенттерінің капиталға айналуын және еркін айналыстағы (free float) осы акциялар санын ескеріп, өзгеруін көрсететінін еске саламыз. Бір номиналды акцияның KASE Индексінің мәніне ықпалы 15 %-дан аспауы тиіс. KASE Индексінің мәні, осы индексті есептеу үшін өкілетті тізімдегі атаудағы акциялармен мәміле жасалуына қарай, сауда-саттық күні бойы есептеледі. Сауда-саттық күні бойы параметрлері KASE Индексінің мәнін есептеуге қажетті мәмілелер жасалмаса, осы есептеуді жүзеге асыру мақсатында, соңғы нәтижелі сауда-саттық сессиясының нәтижелері қолданылады.

KASE веб-сайтындағы KASE Индексі көрсетілген беті толығырақ мекен-жайы бойынша жарияланған

Қор нарығының индикаторларын есептеу Әдістемесінің мәтіні толығырақ мекен-жайы бойынша жарияланған

Эмитенттердің атаулары көрсетілген, акциялардың толық сауда-саттық кодтары толығырақ мекен-жайы бойынша берілген.

[2013-05-08]