KZ
20 сәуір 2025, 05:22
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
26.04.2013 13:46 #Сауда-саттық ақпараты

"HALYK FINANCE" АҚ "ҚАЗМҰНАЙГАЗ" ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ" аҚ 10-ЖЫЛДЫҚ ЕУРООБЛИГАЦИЯЛАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖАРИЯЛАДЫ

/KASE, 26.04.13/ – "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы, тағырыптамада – "Halyk Finance" АҚ) Қазақстан қор биржасына (KASE) бүгін жолдаған ақпараттық хабарламасында былай деп мәлімдеді:

"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (бұдан әрі – Эмитент) халықаралық облигацияларының Бірлескен Жетекші Менеджері және Қазақстандық Букраннері болып табылатын, "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ, Эмитенттің, сомасы 10,5 миллиард АҚШ долларына дейін құрайтын және шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген, жаһандық облигацияларын шығару бойынша Бағдарламасы шегінде шығарылған, шығарылымның жалпы номиналды көлемі 2 миллиард АҚШ доллары мөлшерінде, 30-жылдық Еурооблигацияларын бастапқы орналастыру нәтижелерін жариялайды.

Эмитент өтінімдерді жинауды аяқтағаннан соң өтеуге кірістілігі бойынша кесімді бағаны 5,80% деңгейінде белгіледі. Шығарылмның жалпы көлемі 2 млрд. АҚШ долларын құрады. Қазақстандық инвесторларға жалпы номиналды сомасы 108,2 млн. АҚШ доллары (немесе шығарылымның жалпы көлемінен 5,41%) облигациялар бөлінді, бұл ретте, қазақстандық инвесторлардың, KASЕ арқылы берілген, өтінімдерінің көлемі 119,24 млн. АҚШ долларын құрады. Қазақстандық инвесторлардың өтінімдерінің жалпы көлемінде 50,3% зейнетақы қорларының, 13,6% – банктерге, 13,6% – брокерлік-дилерлік компаниялар мен олардың клиенттерінің үлесінде болды. Өтеуге кірістілігі 5,80% аспаған, KASE арқылы берілген өтінімдерді Эмитетн толық көлемде қанағаттандырды.

Облигациялар шығарылымынң ақтық параметрлері төменде берілген.

---------------------------------------------------------------------
Эмитент:                     "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ                     
Болжамды рейтингтері:        BBB (Fitch), Baa3 (Moody's), BBB- (S&P) 
Номиналды құны бойынша                                               
шығарылым сомасы:            U.S. $2,000,000,000                     
Есеп айырысу датасы:         30 сәуір 2013 жыл                       
Өтеу датасы:                 30 сәуір 2023 жыл                       
Орналастыру бағасы:          99,293%                                 
Купон мөлшерлемесі:          жылдық 5,80%                            
Купонды төлеу датасы:        2013 жылдың 30 қазанынан бастап         
                             әр жылдың 30 сәуірінде және 30 қазанында
Орналастырғандағы өтеуге                                             
кірістілігі:                 жылдық 5,80%                            
Купон сомасын есептегендегі                                          
уақыттық базасы:             30/360                                  
Шығарылым форматы:           Бағалы қағаздар туралы АҚШ Заңының 144A 
                             Ережесі / S Қағидасы                    
Деноминация:                 U.S. $200.000 немесе U.S. $1.000 еселі  
                             үлкенірек номинал                       
Бірлескен Жетекші                                                    
Менеджерлер және                                                     
Букраннерлер:                Barclays, Bank of America Merrill Lynch 
Бірлескен Жетекші Менеджер                                           
және қазақстандық Букраннер: АО "Halyk Finance"                      
Қазақстандық Жетекші                                                 
менеджер:                    "VISOR Capital" АҚ                      
Облигациялардың мәртебесі:   қамтылмаған басқы                       
Реттейтін құқық:             ағылшын                                 
Листинг:                     KASE, Лондон қор Биржасы                
---------------------------------------------------------------------

[2013-04-26]