"Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ (Kazakhstan Engineering) Airbus Military (Испания) компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғаны туралы хабарлады
/KASE, 07.02.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ (Kazakhstan Engineering) (Астана), биржаға жолдаған баспасөз- хабарламасында былай деп мәлімдеді:
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің Испания Корольдігіне 2013 жылдың 05 ақпанындағы мамлекеттік сапары барысында "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ, оның еншілес ұйымы "Қазақстандық авиациялық индустрия" ЖШС және "Airbus Military" Өзара түсінушілік туралы Меморандумға қол қойды, осы құжатқа сәйкес талаптар Airbus Military ұшақтарына техникалық қызмет көрсету бойынша сервистік орталық құру аясында ынтымақтастыққа жетуді ниеттенді.
Құжатқа "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ Басқармасы Төрағасы Болат Смағұлов және "Airbus Military" Президенті Доминго Уренья-Расо қол қойды.
Сервистік орталықты "Қазақстандық авиациялық индустрия" ЖШС негізінде Астанада ұйымдастырып, нәтижесінде қазақстандың мамандардың күшімен Airbus Military, сондай-ақ С-295 жүк тасушы ұшақтарына техникалық қызмет көрсету жоспарланып отыр.
Жалпы алғанда, осындай орталықты құру Қазақстандағы авиациялық саланың дамуына жағымды ықпал ететіні анық.
Инвесторлар үшін байланыстар: Көбей Жаңбыршы Жоспарлау және экономикалық талдау Департаментінің Директоры Тел: +7 (7172) 611920 Тел./факс: +7 (7172) 611920 e-mail: K.Zhanbyrshy@ke.kz
[2013-02-07]