АНОНС: 11 желтоқсанда Алматы қаласында "Жылдық есеп беру:озық тәжірибелер мен жаңа стандарттар" атты I Тәжірибелік конференция өтеді
/"Эксперт РА Казахстан" Рейтинг агенттігі" ЖШС, 22.11.12, KASE тақырыптамасы/ – Алматы қаласында 2012 жылдың 11 желтоқсанында "Эксперт РА Казахстан" рейтинг агенттігі мен "Эксперт Казахстан" журналы "Жылдық есеп беру:озық тәжірибелер мен жаңа стандарттар" атты I Тәжірибелік конференция өткізеді.
Конференция қазақстандық бұқаралық компаниялардың корпоративтік есеп беру стандарттарын арттыру мәселелерінің артып отырғандығына қарай туындаған мәселелерге жауап береді. Макроэкономикалық тұрақсыздық жағдайында инвесторларға ұсынатын ақпараттардың, сондай-ақ жылдық есептердің сапасының жоғары болуы негізгі проблемалардың бірі. Өйткені ол - бизнестің өсу қарқынын бағалайтын негізгі құжат болып табылады.
Сондықтан да өткелі отырған "Жылдық есеп беру:озық тәжірибелер мен жаңа стандарттар" атты I Тәжірибелік конференцияның ауқымы кең. 2011 жылы конкурсқа қатысқан компаниялар анықталып, марапатталады.
Қатысу шарттары туралы, серіктестердің мүмкіндіктері мен баяндамалардың қалыптасу бағдарламалары туралы www.raexpert.kz сайт мекен-жайынан немесе Жобаларды ұйымдастыру бөлімінен мына телефон арқылы : +7 (727) 344-12-12 , e-mail: project@raexpert.kz білуге болады.
Осы баспасөз хабарламасының орыс тіліндегі толық нұсқасымен биржаның веб-сайтында толығырақ мекен-жайынан таныса аласыздар.
[2012-11-22]