KZ
9 шілде 2025, 19:20
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
30.07.2012 17:02 #Бағалы қағаздар

"Жәйрем кен-байыту комбинаты" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

/KASE, 30.07.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Жәйрем кен-байыту комбинаты" АҚ (Қарағанды обл., Жәйрем елді-мекені, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Компанияның тіркеушісі "Тіркеуші компаниясы" АҚ (Алматы).

Үзінді көшірмеге сәйкес:

  • компанияның жарияланған KZ1C13590019 жай акцияларының жалпы саны 3 783 460 дана, артықшылықты KZ1P13590115 акциялар саны – 9 689 дана;
  • компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
  • компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға ENRC N.V. (Амстердам, Нидерландылар Корольдігі), болып табылады, оның иелігінде компанияның 3 787 062 акциясы (компанияның орналыстырылған акцияларының жалпы санынан 99,84 %), соның ішінде компанияның барлық жай және 3 602 артықшылықты акциясы (компанияның орналыстырылған артықшылық акцияларының жалпы санынан 37,18 %) бар.