"ZHERSU POWER" ЖШС (Қазақстан) KZ2P0Y05D171 (KZ2P00000961, ERKAb1) облигациялары шығарылымның күшін жоюына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
/KASE, 05.06.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың 05 маусымынан бастап "ZHERSU POWER" ЖШС (Алматы) (KZ2P00000961, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, ERKAb1; 1 теңге, 2,5 млрд теңге; 12.11.08 – 12.11.13; инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 10,00 % (2012 жылдың 12 қарашасына дейін); 30/360) облигациялары шығарылымның күшін жоюына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды.
Бұл шешім "ZHERSU POWER" ЖШС 2012 жылдың 31 мамырындағы # 01- 2/349 хатының және аталмыш эмитенттің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2012 жылдың 31 мамырындағы аталмыш облигациялар шығарылымының күші жойылғаны туралы куәлігінің негізінде қабылданды.
Аталмыш облигациялар 2008 жылдың 12 қарашасынан бастап KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы бойынша енгізілді. Олардың сауда-саттығы осы күні ашылды.
Аталмыш облигациялардың биржада айналыста болу мерзімінде олардың өтелуіне кірістілігі (ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер бойынша) жылдық 8,04-тен 19,62 % аралығында құбылды.
2011 жылы аталмыш облигациялар биржадағы мемлекеттік емес бағалы қағаздарының саудалану рейтингінде жасалған мәмілелердің көлемі бойынша 104-ші жайғасымға (нарықтың тиісті айналымынан 0,12 %) және корпоративтік облигациялардың осыға ұқсас рейтингінде 86-ші жайғасымға иеленді (0,19 %).