30 МАМЫР KASE АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ ЖЫЛДЫҚ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫНДА БИРЖАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ САЙЛАНДЫ
/KASE, 31.05.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) 2012 жылдың 30 мамырында өткен KASE акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында Биржалық кеңестің (KASE Директорлар кеңесінің) жаңа құрамы 2 жылдық өкілеттік мерзімімен 12 адам құрамында сайланғанын хабарлайды.
Жаңа сайланған KASE Биржалық кеңесінің құрылымы келесідей:
- Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне жән биржаның жарғысына сәйкес, төрт сайланбайтын мүшесі (уәкілетті органның екі өкілі, "алтын акция" иесіеің өкілі және биржаның Президенті);
- KASE акционерлерінің мүдделерін білдіруші төрт өкіл;
- Төрт тәуелсіз директор.
KASE акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімімен KASE акционерлерінің мүдделерін білдіруші өкілдер ретінде сайланғандар:
1) Е.С. Абдразаков– "Сентрас Капитал" ЖШС Бас директоры;
2) А.М. Джолдасбеков – "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;
3) Д.С. Карабаев – "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары;
4) В.А. Кышпанаков – "ЦентрКредит Банкі" АҚ - "BCC Invest" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.
KASE тәуелсіз директорлары лауазымына сайланғандар:
1) А.О. Алдамберген – "Самұрық-Қазына Қаржы" ЖШС бас директоры;
2) Н.Б. Дамитов– "Jazz Capital" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;
3) Ж.Б. Курманов – "Қазақстан Тұрғынүйқұрылысбанкі" АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы;
4) М.Ж. Ташметов – "Отан" АЖЗҚ" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары