2012 жылдың 13 сәуірінен бастап "САУТС-ОЙЛ" ЖШС KZ2P0Y03E026 (KZ2P00001605, STSOb1) облигациялары олардың мерзімінен бұрын өтелуіне байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
/KASE, 13.04.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың 13 сәуірінен бастап "САУТС-ОЙЛ" ЖШС (Шымкент) KZ2P0Y03E026 (KZ2P00001605, STSOb1; 10 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 08.09.11 – 08.09.14; жарты жылдық купон жылдық 9,00 %; 30/360) облигациялары мерзімінен бұрын өтелуіне байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды.
Аталмыш облигациялар 2011 жылдың 08 қыркүйегінен бастап KASE ресми тізімінің "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді. Олардың сауда-саттығы 2011 жылдың 25 қарашасынан бастап ашылды.
Аталмыш облигациялардың биржада айналыста болу мерзімінде олар бойынша мәмілелер жасалған жоқ.
Бұрынырақ 2012 жылдың 12 наурызында осы тақырыпта "САУТС- ОЙЛ" ЖШС (Қазақстан) өзінің KZ2P0Y03E026 (KZ2P00001605, STSOb1) облигацияларын мерзімінен бұрын толық өтеуді жоспарлап отырғаны туралы хабарлады" атты KASE жаңалығы толығырақ мекен-жайы бойынша жарияланды.