Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Казатомпром" ұлттық атомдық компаниясы" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 қаңтрарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды
/KASE, 26.01.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Казатомпром" ұлттық атомдық компаниясы" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Компанияның тіркеушісі "Қор орталығы" АҚ (Алматы).
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған (тек KZ1C35200019 жай акциялары) акцияларының жалпы саны 36 692 361 дана;
- компанияның барлық акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Самрұқ-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана) болып табылады.