Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
2012 жылдың 04 ақпанында "САУТС-ОЙЛ" ЖШС (Қазақстан) қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді
/KASE, 25.01.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "САУТС-ОЙЛ" ЖШС (Шымкент), 2012 жылдың 04 ақпанында сағат 15:00-де оның қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға мәлімдеді. Жиналыстың күн тәртібінде:
- 2011 жылдың алдын ала көрсеткіштері;
- 2011 жылға дивидендтерді келісімдеу;
- 2012 жылға жұмыс бағдарламасын талқылау.
Аталмыш жиналыстың өтетін мекен-жайы: Шымкент қ., Төле би көш., 25, тел.: (7252) 54 91 22.