ҚҰБ ҚҚК "саутс-ойл" ЖШС (Қазақстан) KZ2P0Y03E026 (KZ2P00001605, STSOb1) облигациялары шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулері мен толықтыруларын тіркеді
/KASE, 30.11.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "САУТС-ОЙЛ" ЖШС (Шымкент), өзінің KZ2P0Y03E026 (KZ2P00001605, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, STSOb1; 10 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 08.09.11 – 08.09.14; жарты жылдық купон жылдық 9,00 %; 30/360) облигациялары шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулері мен толықтыруларының көшірмесін биржаға ұсынды.
Аталмыш өзгертулер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті (ҚҰБ ҚҚК) 2011 жылдың 22 қарашасында тіркеп, "САУТС-ОЙЛ" ЖШС төлем агенті және тіркеушісі туралы мәліметтерге енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға байланысты енгізілді.
Аталмыш өзгертулер KASE веб-сайтында толығырақ мекенжайы бойынша жарияланған.
[2011-12-13]