Сауда-саттық ақпарат

Акциялар нарығындағы бөлшек инвесторлар арасындағы конкурс

2020 жылғы 20 қазаннан бастап 30 қарашаға дейін "Қазақстан қор биржасы" АҚ (Биржа) акциялар нарығында бөлшек инвесторлар арасында Қазақстан Республикасындағы акциялармен биржалық сауда-саттықты танымал етуге бағытталған конкурс өткізеді.

Қатысушылар
Конкурсқа жеке тұлғалар-брокерлердің клиенттері (Биржа қор нарығының мүшелері) қатысады. Конкурсқа қатысу үшін тіркелу 2020 жылғы 09 қазаннан 15 қарашаға дейін жүргізіледі.

  1. конкурсқа қатысу үшін қатысушыға бөлшек инвесторлар арасындағы конкурсқа қатысуға өтінімді өзінің брокеріне (нысан бойынша) жолдау қажет;
  2. клиенттің конкурсқа қатысуға өтінімінің негізінде Брокер клиентті электрондық тіркеуді жүргізеді;
  3. қатысушы өтінімде көрсетілген электрондық мекен-жайға Биржадан тіркелгені туралы растама алады.

Қатысу шарттары
  • конкурстың қаржы құралдарының ерекше тізімі - KASE Индексінің акциялары (акциялар);
  • конкурста қатысушыға тиесілі және/немесе оны өткізу кезеңінде ол сатып алған/сатқан акциялар ескеріледі;
  • инвестициялар көлемі мен акциялар санына шектеулер белгіленбейді;
  • конкурсқа қатысушы тек бір брокердің клиенті бола алады;
  • нақты биржалық сауда-саттық Биржаның жауынгерлік сауда жүйесінде өтеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына және Биржаның ішкі құжаттарына сәйкес ұйымдастырылады;
  • конкурс өткізу уақытында қатысушыға акцияларды сатып алуға және/немесе сатуға кемінде екі мәміле жасау талап етіледі.
Жеңімпаздар
Конкурс өткізу кезеңінде акциялармен мәмілелер жасау қорытындылары бойынша барынша кірістілік алған үш қатысушы жеңімпаз деп танылады.

Биржа жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар береді. Бұл ретте:
  • конкурс нәтижелерін жариялау күні www.kase.kz сайтында, сондай-ақ Қазақстан қор биржасының Facebook-тегі ресми парақшасында орналастырылады;
  • Биржа конкурстың жеңімпазы деп танылған қатысушыларды өтінімде көрсетілген байланыс деректері бойынша хабардар етеді;
  • жүлдені алу үшін жеңімпаз биржаға өзінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады.
Акциялар нарығында конкурс өткізу шарттары мен тәртібі бөлшек инвесторлар арасында конкурс өткізу ережелері сәйкес өтеді.

KASE мүшелерінің толық тізімі KASE мүшелерінің тізімі бөлімінде жарияланған.

Сауда-саттық регламенті және Растау жүйесінің жұмысы KASE ережелері бөлімінде жарияланған .

Барлық сұрақтар бойынша эмитенттермен және инвесторлармен жұмыс департаментіне хабарласуларыңызды сұраймыз:
– қалалық телефон: +7 (727) 237 6019;
– электрондық пошта: customers@kase.kz.