Сауда-саттық ақпарат

"ҚазТрансОйл" АҚ эмитент күні

2024 жылдың 13 қарашасында сағат 11:00-де KASE "Эмитент күні" жобасы шеңберінде "ҚазТрансОйл" АҚ басшылығымен "2024 жылдың III тоқсаны мен 9 айындағы қаржылық нәтижелерге шолу" тақырыбында онлайн кездесу өткізеді.

Инвесторларға, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына арналған іс-шара.

Іс-шара спикерлері:

- Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, "ҚазТрансОйл" АҚ Басқармасының мүшесі Әміржан Оспанов;

- Бас директордың корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары, "ҚазТрансОйл" АҚ Басқармасының мүшесі Алмас Оңғарсынов.

Іс-шараға "ҚазТрансОйл"АҚ басшылары мен мамандары қатысады.

Іс-шараның модераторы KASE Басқарма Төрағасының орынбасары Ермек Мәжікенов болады. презентация zoom-форматында өтеді.

Қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркеуден өтуіңізді сұраймыз.