Сауда-саттық ақпарат

KASE ESG-қағидаттары шеңберінде ДК мүшелерінің біліктілігін арттырады

ESG-қағидаттарын сақтау шеңберінде және корпоративтік басқарудың үздік тәжірибесіне сүйене отырып, KASE Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттыруға ұмтылады.

KASE ДК 2021 жылдан бастап IoD Chartered Director халықаралық сертификаттау бағдарламасынан өту туралы шешім қабылдады.

Мәселен, қазіргі уақытта KASE ДК мүшелері, оның ішінде тәуелсіз директорлар IoD Chartered director бағдарламасын қамтитын "International corporate governance" бағдарламасы бойынша оқудан өтуде.

KASE ДК мүшесі Елдар Әбдіразақов өзінің жоғары кәсіби біліктілігін растайтын Institute of Directors халықаралық Chartered director сертификатынан өтті. Е. Әбдіразақов IoD Chartered Director біліктілігінің барлық кезеңдерін сәтті аяқтады (Certificate in Company Direction, 2021, Diploma in Company Direction, 2022, Chartered Director, 2023).

Директорлар институты (IoD, UK), Rорольдік Хартия негізінде директорлар Кеңесінде жұмыс істеу үшін директордың кәсіби біліктілігін растауға құқығы бар әлемдегі жалғыз ұйым. IoD Chartered Director – бұл бүкіл әлемдегі компаниялардағы директорлар мен Директорлар кеңесінің тәжірибесі мен ең жақсы тәжірибесін жинақтайтын бағдарлама.