Сауда-саттық ақпарат

2023 жылы "Биржалық симулятор" жобасының ресми ашылуы

Жастар мен балалардың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі дүниежүзілік жаһандық бағдарлама шеңберінде Global Money Week 2023 жылдың 03 сәуірінде KASE Қазақстан жоғары оқу орындарының студенттері үшін 15-ші мерейтойлық "Биржалық симулятор" жобасын іске қосады.

2023 жылдың 06 сәуірінде "Биржалық симулятор" жобасы шеңберінде оқу сауда-саттықтарының ресми ашылу рәсімі.

Сауда-саттықтағы жоба қатысушыларына KASE өкілдік тізімінің акциялары ғана емес, сондай-ақ Amazon және Apple сияқты танымал брендтердің және инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары да қолжетімді болады.

Оқу сауда-саттығы екі кезеңде өтеді: 2023 жылдың 03 сәуірінен 31 мамырына дейін және 2023 жылдың 02 қазанынан 02 қарашасына дейін.

"Биржалық тренажер" жобасына қатысу үшін:

- электрондық тіркеу формасын толтырыңыз

- Google Play және App Store дүкендерінен KASE Mobile мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз

- KASE Mobile арқылы қосылу жөніндегі нұсқаулықты зерттеңіз

Қосымша ақпарат алу үшін электрондық пошта мекен-жайларына хабарласыңыз: bs@kase.kz немесе customers@kase.kz.