Сауда-саттық ақпарат

Қазақстан қор биржасы "KASE day in Astana" іс-шарасын өткізді

2023 жылдың 24 ақпанында Қазақстан қор биржасы (KASE) Астана қаласында жеке және квазимемлекеттік сектор өкілдерімен және Биржаның серіктестерімен "KASE day in Astana" бизнес-таңғы ас форматында кездесу өткізді.

Іс-шара KASE нарықтарында уақытша бос қаражатты қаржыландыру тарту және инвестициялау мүмкіндіктері туралы ақпарат беруге бағытталған.

KASE day in Astana барысында Биржа өкілдері 2022 жылдағы KASE қызметінің қорытындылары, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ IPO-сының қол жеткізілген нәтижелері мен қорытындылары, Биржаның жобалары, инновациялар мен жаңа құралдарды енгізу, қаржы нарығындағы үрдістер және KASE-де капитал тарту шарттары, сондай-ақ орталық контрагенттің (ОК) функцияларын Биржаның еншілес ұйымы – "KASE клирингілік орталығы" АҚ бөліп шығару туралы айтып берді.

Бұдан басқа, KASE 2024 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі бағыттары айтылды, олардың шеңберінде Биржаның таяу перспективаға арналған негізгі жобалары: биржалық нарықтардың өтімділігін арттыру, бөлшек инвесторлар базасын кеңейту, ұйымдастырылған нарықта ШОБ-ты қаржыландыру арнасын қалыптастыру, ESG қаржыландыру бағытын дамыту, нарықта жаңа валюталық жұптар мен жаңа құралдар бойынша сауда-саттықты ашу шоғырландырылатын болады сандық құралдармен сауда-саттықты іске қосу, KASE еншілес ұйымы және KASE Global секторы ретінде ОК институтын одан әрі дамыту.

Іс-шарада спикерлер ретінде: KASE Басқармасының Төрайымы Алина Алдамберген, KASE Басқарма Төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская, сауда департаментінің директоры Алексей Сон.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, Астана қаласы әкімдігінің басшылығы, квазимемлекеттік сектор компанияларының топ-менеджерлері, ірі жеке компаниялардың басшылары, эмитенттер, инвесторлар және нарықтың кәсіби қатысушылары қатысты.

Анықтама үшін

Іскерлік таңғы ас форматындағы іс-шараларды Биржа 2017 жылдан бастап тұрақты негізде өткізеді. Бұған дейін "KASE Day" Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ташкент (Өзбекстан), Минск (Беларусь), Мәскеу (Ресей) және Лондон (Ұлыбритания) қалаларында өткізілген болатын.

"Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) Орталық Азия өңіріндегі жетекші қор биржасы болып табылады. KASE бағалы қағаздармен сауда-саттық көлемі бойынша ТМД биржалары арасында екінші орында және FEAS биржаларының акциялар нарығын капиталдандыру көлемі бойынша бесінші орында.

Бұл корпоративтік және мемлекеттік бағалы қағаздар, халықаралық қаржы институттарының облигациялары, шетел валюталары, ақша нарығының операциялары – репо және своп, сондай-ақ туынды құралдар үшін әмбебап сауда алаңы. KASE халықаралық биржалар Федерациясының (WFE), Еуроазиялық қор биржалары Федерациясының (FEAS) және басқа да халықаралық және отандық кәсіби бірлестіктердің мүшесі, сондай-ақ БҰҰ-ның "Қор биржалары тұрақты даму үшін" бастамасының қатысушысы болып табылады.