- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- KASE "Қазақтелеком" АҚ "Эмитент күнін" өткізді
KASE "Қазақтелеком" АҚ "Эмитент күнін" өткізді
2023 жылдың 16 мамырында KASE "Эмитент күні" жобасы аясында "Қазақтелеком" АҚ өкілдерімен "2022 жылдағы "Қазақтелеком" АҚ қызметінің қорытындысы" тақырыбында онлайн-кездесу өткізді.
"Қазақтелеком" АҚ өкілдері іс-шараға қатысушыларға акциялар бойынша қаржылық нәтижелер мен дивидендтердің серпінін, бизнестің негізгі бағыттарын, іске асырылып жатқан жобалар мен болжамды күтулерді көрсетті, сондай-ақ дамушы елдердің ұйымдарының деректерімен салыстырғанда компанияның қаржылық көрсеткіштерін талдаумен бөлісті және журналистердің сұрақтарына жауап берді.
"Қазақтелеком" АҚ спикерлері ретінде Бас қаржы директоры Людмила Атамұратова, Инновациялар бойынша бас директоры Нұрлан Мейірманов, Бөлшек бизнес бойынша дивизионның маркетинг жөніндегі директоры Руслан Берстембаев, Клиенттік тәжірибені басқару жөніндегі Директор Ксения Минеева, Корпоративтік бизнес дивизионының маркетинг және даму жөніндегі директоры Азиз Қайратхан.
Іс-шараның модераторы KASE Басқарма төрағасының орынбасары Ермек Мәжекенов болды.
Іс-шара инвесторлар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және БАҚ үшін өткізілді.